Текст
21.11.2022
2022 жылдың қараша айының 17 күні Қызылсая ауылының ЖОББМ-де Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Аюбай Шегірұлының құрметіне арналған бастауыш сынып аралығында математика пәні бойынша І аймақтық олимпиада өтті.
Аймақтық олимпиадаға Қонысбай ЖОББМ, Бірлестік ЖОББМ ,Сейфуллин ЖОББМ,Қызылсая ЖОББМ, Васильковка НМ, Дөңгілағаш НМ Гранитный кентінің НМ, Симферопаль ЖОББМ, Қараөзек бастауыш мектебі, Жолдыбай НМ, Бұлақ ауылының бастауыш мектептері,барлығы 11...
14.11.2022
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сырттай конкурсының қорытындысы
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сырттай конкурсының қорытындысы Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жоспарына сәйкес 2022 жылғы 10-11 қараша күндері «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сырттай...
07.11.2022
Күзгі каникул кезінде бастауыш сынып ата-аналарымен педконсилиум өтті.Оған пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері түгел қатысты.Әрбір ата-ана өз баласының оқу үлгерімі жайында пән мұғалімдерімен пікір алмасып,балаға қай пәннен көбірек көмек жасау қажеттігі жөнінде мұғалім кеңесін тыңдап және өздерінің ұсыныстарын ортаға салды.
31.10.2022
"Оқушылардың дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын жүзеге асыру мақсатында,аудандық мектеп оқушылары арасында "ALASH" дебат клубының мүшелері:Кенжебай А,Айдосқызы А. III орынға ие болды, ал Касымова Д, Рамазанова А. белсенді қатысқандары үшін мадақтамамен марапатталады.
17.10.2022
Қарттар күніне орай мектебімізде Қонысбай ауылының әкімдігімен "Қарттарым-асыл қазынам" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
10.10.2022
Мектебімізде 5 сыныптар бойынша педконсилиум өтті.Педконсилиумда ата-аналар балалардың оқу үлгерімдерімен танысты.
03.10.2022
Мұғалімдер мерекесіне мерекелік концерт ұйымдастырылды.Мектеп директоры тарапынан еңбек өтіліне байланысты ұстаздарды алғыс хатпен марапаттау рәсімі өткізілді.
26.09.2022
Республикалық оқырмандар сайысы
16.09.2022
8-11 сынып оқушылары арасындағы "Дебат ойыны"
Сәттілік тілейміз!
15.09.2022
Білім беру ұйымының барлық ұстаздары Kundelik.kz желесінде 72 сағат көлемінде оқудан өтті және сертификат алды "Цифрлық сауаттылық негіздері" атты тақырыпта.
Құттықтаймыз!