Тәрбие сағаты: «Әр қилы мамандық»
Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері:
Тәрбиелік мәні –балаларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,бейнебаян мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Тәрбие сағат барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз үшін ерекше тәрбие сағат болғалы тұр, өйткені бізге қонақтар келген екен. Амандасайық.
Алдымен мынадай тренинг ұйымдастырып жіберейік. Әр бала өз тілектерін айтады, яғни осы балалардың айтылған жақсы тілектері тобымызға, тобымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз. Тренинг «Жылы тілек» түсті лентамен
Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау».
Бұл тәрбие сағатымыздың мақсаты – сендердің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасауларың үшін бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы және болашақ таңдаған мамандықтарың туралы ойларыңды білу, ой бөлісу
Мен сіздерге бүгінгі тәрбие сағатта сәттілік тілеймін.
Мұғалім:
– Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз. – деп тәрбие сағатымызды бастаймыз
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау:
Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Мұғалім: Маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық. (балалардың жауабы)
1 бала:
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
2 бала:
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
3 бала:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан, –
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
4 бала:
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін.
5 бала:
Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мұғалім:
Мамандық дегеніміз не?
Балалардың пікірлері сұралады
• – Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• – адамның болашаққа апаратын жолы;
• – адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• – мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• – оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• – ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• – мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• – келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• – адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Тәрбиеші толықтырады
Профессия- мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
2. «Білеміз бе?»
Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар
І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз
3. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
10.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
11Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
5.Карточкамен жұмыс
1-ші топ:
1.«Адам – табиғат». Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химиялық бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер, т.б.
Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми (биология, география) зерттеулермен байланысты мамандықтар.
2.«Адам – белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы, бағдарламашы және т.б.
Осы типтегі ммандықтарға келесі жұмыс түрлері жатады: құжаттармен байланысты тіркеу жұмысын жасау, іс жүргізу, мәтіндерге талдау жасау немесе оларды өзгерту, қайта кодтау; еңбек құралы сандар, топтық арақатынастар болып табылатын мамандықтар.
2-ші топ:
1.«Адам – техника». Кәсіптер: үңгуші, ағаш шебері, инженер механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман және т.б.
Әрине, бұл жерде жұмысшылардың еңбектері техникаға ғана емес, сонымен қатар кәсіби зейіннің жетекші пәніне (техникалық нысандар мен олардың қасиеттеріне) бағытталған.
2.«Адам – шығармашылық бейне». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері. Кәсіптер: әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қасаушы, әдеби қызметкер.
3-ші топ:
1.«Адам –адам». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады.
Кәсіптер: дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразшы, менеджер, экскурсия жетекшісі, көркем ұжымның жетекшісі және т.б.
2.«Адам – шығармашылық бейне». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері. Кәсіптер: әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қасаушы, әдеби қызметкер.
6.Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба? » сергіту сәті
Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір баладан шығып, кімнің жазғанын табады.
7. «Мамандықты жасыр жаттығуы».
Әр команда бір мамандықты бейнелейді, келесі топ жасырылған мамандықты табады.
8. «Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
9. «Ең жақсы мамандық» ойыны. Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп ……………….(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ……………………….(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ………………………….(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ………………………(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ……………………(сот, бухгалтер).
Ең салмақты …………………..(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ……………(биснесмен).
10.Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Жауаптар:
– Компьютерді білу;
– Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.
– Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.
– Өз тауарын, қызметін өткізе білу.
– Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.
– Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.
11. «Қазіргі заманның табысты мамандары».
1 бала:
Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.
2 бала:
Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
3 бала:
Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
4 бала:
Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
5 бала:
интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
6 бала:
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Әр бала өздерінің таңдаған мамандықтары туралы слаид жасап, қорғайды.
Осы жөнінде балалар пікірін тыңдайық. — Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?
Осы тәрбие сағаттан не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
Топтарды бағалау, мадақтау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін