Қысқа мерзімді жоспар 6 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ақпаратты ұсыну |
Мектеп: |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
Сынып: |
6 |
|
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ақпаратты тасымалдау |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.1.3 – ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарына мысал келтіру. |
|
Сабақтың мақсаты |
|
|
Бағалау критерийлері |
Ақпарат беруші және қабылдаушы арналар туралы біледі. Ақпарат тасымалдауда кездесетін түрлі жағдайлармен жұмыс жасай біледі. Практика жүзінде ақпаратты тасымалдау үдерісімен жұмыс жасап, қолдана алады. |
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты: Ақпарат беруші және қабылдаушы арналары туралы біледі (радио, телефон, телеграф т.с.с) Пәнге қатысты лексика және терминалогия: Ақпарат, арналар, ақпарат беруші, қабылдаушы. Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы: 1. Ақпарат беруші-....... 2. Ақпарат тасымалдаушыға мысал келтір.... |
|
Құндылықтарға баулу
|
Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.
Оқушылардың арасында топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін тыңдай білу, сыйластыққа, жауапкершілікпен жұмыс жасауға баулу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі (Ақпарат – Информация –Information) Тарих пәнінен адамдардың ерте кездегі ақпаратты қалай тасымалдағаны туралы мәлімет беру. |
|
Алдыңғы білім
|
Ақпараттың түрлерін, өлшем бірліктерін ажырату. |
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру. Сабақ мақсаттарын қою. Балалар! Бүгінгі біздің сабақ жай сабақ емес, ЖОЛда жұру ережелері ӘЛЕМІне саяхат. Мен сендерге тілейтінім, сабаққа жақсы қатысып, өздеріңді жақсы көрсету. Слайд1-2 «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» эпиграфымен жұмысымызды бастаймыз. Күннің жадын ағылшын тілінде сұрау. Good morning! How are you? Not bad. What is the date today? Today is the 16th of March. What is the week today? It is the Thursday. Thank you very much. Сынып атмосферасын жақсартуға жағдай жасау. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Жол қауіпсіздігі дегенде еске, әрине, БАҒДАРШАМ түседі. Бағдаршамнан қандай ақпарат ала аласыздар? Әрине, ҚЫЗЫЛ түс – абайла! САРЫ- дайындал, ЖАСЫЛ түс – жүруге болады деген ережелер. Сабаққа тоқталсақ, «Бағдаршам» әдісін қолданамыз.
Бағдаршам арқылы сіздер өз көңіл-күйлеріңізді белгілеңіздер және де сабақ бойы осы әдіспен өздеріңізге рефлексия жасап отырасыз.
Қызыл – - түсінбедім Сары - - толық түсінген жоқпын Жасыл - - түсіндім
Топқа бөліп алу. /«Реттеуші» әдісін қолданып./ |