2022 жылғы 23 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы "Сәтті Баста"облыстық қашықтықтан бизнес-жобалар конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты:
- бизнес негіздеріне оқыту және кәсіби дағдыларды дамыту;
- білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына қатысу;
- көшбасшылық қасиеттер мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Облыстық кезеңге барлығы 47 жоба ұсынылды. Конкурс 2 кезеңде өтті: бизнес-жобаны қорғау (слайд – презентация,3 минутқа дейін) және "Мегамозг" зияткерлік конкурсы (кәсіпкерлік негіздерін білу). Байқау қорытындысы бойынша ауданымыздың оқушылары келесі жүлделі орындарға ие болды: Өркен ЖОББМ 11 сынып оқушысы - Ермұханов Расул 2 орын, Қонысбай ЖОББМ 11 сынып оқушысы - Қасымова Дильназ 3 орын алды. Байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және жүлделі орындарды құттықтаймыз!