Текст
17.04.2025
«Екі жұлдыз» аудандық байқауында «Креативті дуэт» номинациясы бойынша Зеренді ауданы Қонысбай ауылының ЖОББМ ұстаздары: Оразов Амангелді Шортанбайұлы мен Бахытхан Нұрсұлтан марапатталды
07.04.2025
Ақмола облысы білім басқармасының хатына сәйкес, ҚР армиясының имиджін көтеру және оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында министрлік әзірлеген әскери-патриоттық бейнероликтер мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына қоңырау кезінде көрсетілді.
01.04.2025
Абайлаңыз жұқа мұз! Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! Көктемгі мұз өте жасырын екенін есте ұстаған жөн. Балаларыңызға назар аударыңыз, мұзға шығу қаупі туралы айтыңыз. Сіздің балаңыз бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз, көктемгі кезеңде су айдындарында балалардың өтуіне және болуына жол бермеңіз. Әсіресе мұз үстіндегі ойындар қауіпті! Мұз тез ағатын жерлерде, ағынды суларда және соққы кілттерінде, сондай-ақ су өсімдіктерінің өсетін аймақтарында, ағаштар мен бұталардың жанында берік емес екенін есте ұстаған жөн. Қар мен қардың астында, сондай-ақ жағалауда мұз өте қауіпті. Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге және ауа температурасының жоғарылауына байланысты облыстың су айдындарында мұздың мол еруі байқалады. *Осыған байланысты Сізден мұзға шықпауыңызды сұраймыз* Құрметпен Ақмола облысы ТЖ Департаменті!
17.03.2025
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай мектебімізде жылдар бойы ерен еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз Бекенов Қайдар Қаппасұлы мен Билялова Санар Сапарқызына құрмет көрсетілді. Ұстаздың еңбегі – ұлт болашағына сіңірілген мәңгілік мұра. Біз сіздердің білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбектеріңізді әрдайым мақтан тұтамыз! Наурыз мейрамы құтты болсын!
11.03.2025
Қонысбай ауылының ЖОББМ ұжымы мектебімізге демеушілік көрсеткені үшін “Ұмай Жер” ЖШС-не шынайы алғысын білдіреді. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында қазақша көйлектер сатып алуға мүмкіндік туды. Осындай игі істеріңіз үшін ризашылығымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге табыс, ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
28.02.2025
Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ заңды...
24.02.2025
2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының Республикалық кезеңінде Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Балташев Арсен «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.
18.02.2025
Садовое ауылының тұрғындары жерлестеріне үлгі-өнеге көрсетті. Өткен жылы мұндағы балалар да қоқыстарды сұрыптауды үйренді, қазір қоқысты қайта өңдеуге жүйелі түрде жіберіледі.
17.02.2025
7 сынып оқушылары аудандық «Алау» әскери-спорттық жарысқа алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Т.Е Жабагиннің жетекшілігімен қатысып келді. Жарыстың мақсаты: І. ҚР Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру ІІ. Жасөспірімдерді әскери іске баулу Мектебімізден әскери-спорттық жарысқа қатысқан оқушылар: 1. Абетов Айтемір 2. Амангелді Асанәлі 3. Болатұлы Ардақ 4. Боқай Інжу 5. Балташ Кәусар 6. Нұрболатұлы Дастан 7. Өмірбек Аружан 8. Серік Дильназ 9. Төлебек Айкүнім 10. Тилеуханұлы Али Жалпы командалық есепте төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік: 1. Саптық ән байқауынан ІІІ орын. 2. Пневматикалық вентопкадан атудан І орын.. 3. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы киюден І орын. 4. Оқжатар жинаудан(магазин) І орын. Жеке есепте нәтижеге жеткен оқушылар: 1. Болатұлы Ардақ 7а сынып - Оқжатар жинаудан І орын. 2. Амангелді Асанәлі 7а сынып - Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын киюден І орын. 3. Өмірбек Аружан 7а сынып - Шалқасынан жатып денені көтеру жарыс түрі бойынша І орын. 4. Балташ Кәусар 7б сынып - Оқжатар жинаудан ІІ орын.
10.02.2025
«Жаңа мектепке-Жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VII Республикалық байқауының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хуан Б.Б. ІІ орын иеленді.