Абай орта мектебінің 3а сыныбының
ІІ жартыжылдықтағы оқу-тәрбие жұмысына сараптама.
2019-2020 оқу жылы.
Биылғы оқу жылы айтарлықтай жаңалыққа толы болды. Атап айтар болсақ, екінші жартыжылдық қаңтар айындағы бастауыш сынып оқушыларының «Ұлы Абай атамыз» атты суреттер көрмесінен бастау алды.
Ақпан айында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған бастауыш сынып ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында, Абайдың өлеңдері оқылып, әндері де шырқалды. Сонымен қатар, мұғалімдер мен 3а, 4а сынып оқушылары бірігіп «Айттым сәлем Қаламқас» әнін нақышына келтіре орындады.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бастауыш сыныптарда өткен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» әдеби кеште барлық оқушыға қатысқаны үшін барлық оқушылар марапатталды.
Шара барысында, «Ұлы Абай атамыз» тақырыбындағы сурет көрмесіне ең үздік сурет салған 3 «а» сынып оқушылары марапатталды.
3-орын – Садбек Бақтияр, Билялова Анеля
Ақпан айында мектебіміздің кішкентай каратэшілері Көкшетау қаласында өткен турнирге қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде Садбек Бақтияр жүлделі екінші орынды жеңіп алды.
Ақпан айындағы өткен «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігінде 3а сыныпта дәстүрлі ашық сабақ өткізілді.
Осы апталық аясында «Екі жұлдыз» сайысы өткізілді. Сайысқа бастауыш сыныптың әр сыныбынан бір жұп сайыста бағын сынады. Сайыстың нәтижесінде, 3 «а» сынып оқушысы – Билялова Анеля жұбы – музыка пәнінің ұстазы – Мукажанова Бибігүлмен «Жангүлім» әнін орындап, бас жүлдеге ие болды.
Мәселен, 8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай «Ана – өмірдің шуағы» атты сыныптық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ән салып, тақпақ оқумен қатар, би билеп, көріністер де қоя білді.
Ақпанның 17-24 аралығында өткен «Бастауыш сынып апталығы» өткізілді. Апталық қарсаңында өткен іс-шараларға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.
Шарипхан Б. 1 «а» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. «Теңдеу» тақырыбындағы ашық сабақта әртүрлі жаңашыл әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып, сарапшылардың көңілінен шықты. Сабақ соңында кері үлкен үй құрылып, мұғалімдер мен оқушылар қойған мақсаттарына жетті.
2 «а» сыныбында Бесік жыры
Апталықта 3 «а» сыныбында математика пәнінен дәстүрлі ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: «Жазбаша түрде қалдықпен бөлу». Ортақ тақырыбы: Ғарышты бағындырушылар. Сабақ өте ауқымды да тартымды өтті. Балалар тек матиематикадан ғана білімдерін көрсеткен жоқ, сонымен қатар, әдебиет пен жаратылыстану пәндерінен де өздерінің білімдерінің терең екенін көрсете білді. Үш топқа бөлінген оқушылар сабақтың басынан соңына дейін бірнеше рет орындарын да, топтарын да ауыстырып үлгерді. Балалар өздерін өте емін-еркін сезінді. Сабақ барысында оқушылардың әртістік қабілеттерін де аңғарып үлгеруге мүмкіндік болды. Қорыта айтқанда сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.
Басжанова Н.Н. бастауыш сынып оқушыларының арасында «Угадай мелодию» музыкалық ойынын өткізді. Музыкалық сайыс өте жақсы өтті. Ойын үш кезеңнен құралды. Әр кезеңнің жеңімпаздары анықталып отырып, соңғы шешуші ойында үш кезеңнің жеңімпаздары бақ сынасты. Әділқазылардың шешімімен сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Яғни, 1-орын – 3-сынып оқушысы – Билялова Анель алды. Апталықтың соңғы күні «Жабылу салтанаты» болды. Апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.сонымен қатар, «Ғажайып фигуралар» көрмесінің жүлдегерлерін марапаттады.
3 «а» сынып оқушылары жұмысты бірігіп жасағандықтан оларға тәтті торт сыйға тартылды.
Халықаралық «ПОНИ» сайысына қатысқаны үшін төмендегі оқшыларға сертификаттар табысталды: Билялова Анеля, Билялов Архат, Зейнулқабиден Рахманали, Садбек Бақтияр.
Оқушыларымыз 4-тоқсанды еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үйде отырып, «Қашықтан оқыту» бойынша оқыса да, өздерінің білімге деген құштарлықтарын жоғалтқан жоқ. Сынып жетекшілерімен бірге әртүрлі бейнероликтер жасап, БАҚ-парақшаларында жариялап қана қоймай, әртүрлі сайыстарға қатысып, марапаттар алуды жалғастыруда.
Сондай-ақ, әртүрлі қашықтық олимпиадаларға да қатысып, өз білімдерін шыңдауда. Мәселен, ТИО, НИО және т.б. интернет олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Атап айтар болсақ:
Сейтмағанбетова Ж.Б.:
ТИО Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиадасына оқушыларын қатыстырғаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері – Сейтмағанбетова Ж.Б., марапатталды.
/public/files/2020/5/17/170520_182732_1-synypesep.docx