«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Конысбай отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құстар – қанатты достар»

17.05.2020

«Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды» -құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иелері. Бейне бір біздің аспан әлеміндегі сақшы, қорғаушыларымыз тәрізді. Ғаламтор жүйесіндегі ақпараттарға сүйенсек  бір қарлығаш жаз бойында 1 миллион құрт жейді екен, ал қараторғайлардың бір тобы 22 тонна шегіртке жейді екен. Құстардың  адам өміріне пайдасы мол. Ырымшыл қазақ үй жанына құс ұя салса жақсылықтың нышаны деп сенген.

  Осы оқу жылының көктемінде мектеп жаңында әсем құстар әуеніне құлақтын құрышы қанар емес. Барлығына себеп болған, балалар мен ата-аналар жасаған құстарға арналған үйлер мен жемсалғыштар. Елімізде орын алған індетке байланысты оқушылар үйде қашықтықтаққан оқып отырғанымен мектепте болып жатқан барлық онлайн іс-шараларға қолдау жасап, атсалысып отыр. Солардың бірі мектеп басшысының ұсынысымен басталған «Құстар – қанатты достар» атты арнайы акция. Акция барысында «қанатты достарымызға» көптеген әсем әрленген,боялған  үйлер мен жемалғыштар жасалып, мектеп алдында өсіп тұрған ағаштарға орналастырылды. Бір неше күн өте еңбегіміздің зая болмағанына көз жетті. Қараторғай мен сарыторғай  ұшып келіп, өз «үйлеріне» шөп, мақта қиқымдарын тасып ұя салуда. Мектеп жанында бір топ құс ұялағанын біз де жақсылыққа жоримыз!!!

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст