1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Зеренді ауданының "Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 2 қызмет түрін көрсетеді.
- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 29 қызмет түрі.
- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 0 қызмет түрі.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің сайтынан алуға болады http://sc0001.zerenda.aqmoedu.kz//
Мемлекеттік қызмет көрсететін осы ұйымның сайтында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік органның қызметі туралы есеп жария талқылау үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің веб-порталының сайтында, Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады. Онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында жыл ішінде мемлекеттік орган қызметкерлері халыққа сұранысқа ие қызметтер көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізді;
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, орта білім берудің барлық ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.
Akmola.kz. жүйесінде 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады;
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
6. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары:
2024 жылы "Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылады.