Тақырып: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Ғарышты бағындырушылар |
Мектеп: Абай орта мектебі |
|||
Күні: 24.02.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Сейтмаганбетова Ж.Б. |
|||
3-сынып Математика пәні |
||||
Оқу мақсаттары |
3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. |
|||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу және көбейту амалдарының жазбаша тәсілдері. |
|||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Бөлуді қай разрядты сандардан бастау керек? Бөліндінің цифрлық құрамын қалай анықтауға болады? Бөлу кезінде шыққан қалдық туралы не айтуға болады? |
||||
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу жазбаны жазыңыз. |
||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Бір таңбалы сана жазбаша бөлу |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарлан-ған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
0-3
|
Амандасу сәті: жұдырықпен амандасу, алақанмен амандасу, құшақтасу Үй жұмысын сұрау: Атақты тұлғалар бөлімі бойынша «Ол кім?» ойыны. Оқушыларға ұлы математик ғұламалар мен астролог, ғарышкерлердің аты жөні жазылған тәжді кигізіп ол адамның кім екенін табу. Аристотель –Гиппократтың шәкірті, ұлы физик, ұстаз болған. Ол Сократпен, Платонмен бірге ғылымның түрлі салаларын зерттезен. Аристотельдің 3000 беттік жазбалары бар. Әбу Насыр Әл Фараби – Аристотельдің шәкірті, әлем бойынша екінші ұстаз, ұлы ғалым, математик, физик, астроном. Пифагор – ежелгі грек математигі. Пифагор сандары мен пифагор теогремасын, әріпті көбейту кестесін ойлап тапқан. Архимед – ежелгі грек ғалымы, математик, астроном. Ол жердің тартылыс күші яғни магниттік қасиеті бар екенін, қисық сызықтардың ұзындықтарын өлшеуді, рычагты ойлап тапқан. Галилео Галилей - итальян философы, математик, физик, механик және астроном болған адам. Ол аспан әлемін зерттеу үшін телескоп ойлап тапты. Галилей Жер Күнді айналып жүретінін айтқан, бірақ оған ешкім сенбеген,
О.Жәутіков – Қазақстанда тұңғыш математика кітаптарын жазып шыққан, ғалым, академик, физика-математика ғылымдарының докторы. Ю.Гагарин – 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып Жерді бір айналып өтті. Ол ғарышта 1 сағат 48 минут болған. |
Ұлы математик, астролог, ғарышкерлердің аты жөндері жазылған тәждер. |
||
4-6
|
Жұпқа бөлу Жұпқа бөліну үшін арғы жағында көбейту кестесі жазылған ғарыш кемелерінің суретін таңдайды, балалар өздері ұнатқан көбейту кестесін алып жауап береді де бірдей кеме алғандармен бірігеді және экрандағы жұлдыздардың біреуін басқанда топтың аты шығады. Топтың аты шыққан кезде ол кім деген ғарышкер, неше рет ұшқан деген сұрақтарға жауап береді. Ең соңында бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады «Ғарышты бағындырушылар». |
Слайд. Ғарыш кемесінің суреттері. Топтың аты жазылған қағаздар. |
||
7-11
|
(Т)Топқа бірігу Әр топқа үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің түрлі жағдайларының жазбасын ұсыну. Оқушылар әзірге бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін білмейтіндіктен, егер жоғарғы разрядтың бірінші саны бөлгішке бөлінбесе, егер аралық толық емес бөлінгіштер бөлгішке толықтай бөлінбесе, мәселелі жағдаят туындайды. Оқу мақсатымен таныстыру: Жазбаша бөлу алгоритмін қолдануды түсіндіру
Жаңаны қолдану. Оқулықпен жұмыс (Ж) Оқушылар оқулықтағы №3 тапсырманың қалған екі бағандағы тапсырманы орындайды және екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмдеріне сәйкес есептейді. 364 : 3 = 121 (1 қалд); 846 : 4 = 211 (2 қалд); 89 : 4 = 22 (1 қалд); 78 : 7 = 11 (1 қалд); 483: 2 = 241 (1 қалд); 779 : 7 = 111 (2 қалд); 968 : 3 = 322 (2 қалд); 685 : 2 = 342 (1 қалд). |
Слайд Тақта бор компьютер |
||
12-29
|
. (Т)топтық жұмыс Топта қалдықпен бөлуге және оны тексеруге арналған постермен жұмыс орындалады. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің жазбаша ұсынылған алгоритмімен танысу. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша жазбаша қалдықпен бөлуді және тексеру алгоритмінің бір пунктін түсіндіреді.
Постермен жұмыс біткенде дұрыс орындалған тапсырмаларға жұлдызша таратылады.
Ойын «Үй аралау». Әр партаға фигуралардың ауданын табуға байланысты әр түлі тапсырмалар қойылған. Қоңырау соғылған кезде жұптар жүріп жүріп тапсырмаларды орындайды. Ойын біткенде дұрыс орындалған тапсырмаларға жұлдызша таратылады.
«Челлендж» ойыны. Ережелер
Ойын біткенде дұрыс орындалған тапсырмаларға жұлдызша таратылады.
|
Постер плакат, фломастерлер Бағалауға арналған жұлдызшалар
Пружина |
||
30-40
|
Сергіту сәті Математиканы сүйеміз, Көбейтуді білеміз.
Оқымасаң білім жоқ Математикасыз күнің жоқ
Жұппен партада отырып сергіту сәтін өткізу
Бейнебаян көрсету Скафандр не үшін керек? Мәтіндік есепті тақтада орындау. Скафандр киген ғарышкерлер аспан әлемінде өткізген 32 сағаттың 8 есе кем бөлігін зерттеу жұмыстарына арнады да, қалған уақытта әуе кемесінен шығып галактиканы тамашалаған және демалуға жұмсаған. Қалған уақыт бөлігін тап және оған кері есеп құрастыр. Тапсырма орындалып болған соң дұрыс орындалған тапсырмаларға жұлдызша таратылады.
Үйге тапсырма №5 |
Музыка
Бейнебаян постер |
||
41-45
|
Рефлексия. Сабақ барысында кім қолынан не келетінін түсінді:
|
Шар рефлексиясы |