Текст
«Ғылым таппай мақтанба» тақырыбы бойынша Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан деректер дебаты өткізілді. Дебатқа 9-сынып оқушылары қатысты. Даттаушы топ, жақтаушы топ құрылып, топтарға ат берілді. Дебат мазмұнымен таныстырылып өтілді. Дебатта әр топ өз позицияларын қорғап, дәлелдерімен оқушылар өз ойларын баяндады. Дебатқа қатысып отырған оқушылар бір - біріне сұрақтар қойды. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамытты. Абайдың шығу тегі, өміріне байланысты деректер бойынша мысалдар келтіріліп, пікірлер тыңдалды.Сараптаушылар топтардың пікірталасын бағалап, әділ шешім шығарды. Дебат тартымды өтті.