«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Конысбай отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық зерттеу жұмыстарының байқауы

17.04.2023

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2023 жылғы 05-07 сәуір аралығында Зеренді ауданы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі базасында жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық зерттеу жұмыстары байқауын өткізді.
Байқауға 15 аудан бойынша жалпы білім беретін ұйымдарынан және Көкшетау қаласының Абай атындағы № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан 43 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 8 “А” сынып оқушысы Басжанова Ақмерей “Мәдени мұра” номинациясы бойынша жүлделі II-ші орын жеңімпазы атанды.
Жетекшісі: Кадырбаева Г.С.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ💐💐💐

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст