«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Конысбай отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан -біртұтас жер,біртұтас халық, және ортақ келешек»

16.01.2020

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кештің өткізу сценариі

Өткізілетін күн:        13 желтоқсан  2019 ж., 11.00 час.

Өткізілетін орны:           Абай орта мектебінің акт залы

Кештің тақырыбы: «Қазақстан -біртұтас жер,біртұтас халық, және ортақ келешек»  (слайд)

Кештің барысы:

ҚР Әнұраны

фанфары

Жүргізуші 1: Армысыздар ағайын! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймын!   

1 номер Даярлық тобы оқушылары қарсы алайық

Жүргізуші 2: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 номер 1 а  сыныптың орындауында Отан әні

3 номер 1б - 2б сыныптарын ортаға шақырамыз

Жүргізуші 2 :Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

4 номер Алдарыңызда 2 а сынып оқушылары

5 номер 3 б сыныбын шақырамыз

Жүргізуш 1:

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.   Елбасының бастауымен  Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ  халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға     күмәнданған жандар да болған екен.

6 номер 1 сынып оқушыларынан кермет би шашу

7 номер 3 а сыныбының орындауында Егемен ел әні

Жүргізуші 2 :Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

 

8 номер Тәуелсіз ел Ұланы әнімен 4  а сынып оқушылары

9 номер 4 б сыбының ару қыздарын шақырамыз

Жүргізуш 1: Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқетпедіжарасы,

Жараланғанжолбарыстай, ышқынып,

Айтып  жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

10 номер 5 сынып Жаса Қазақстан әні

11 номер 6 а сыныбының орындауында Мен Қазақпын ду қол шапалақ

Жүргізуш 2:Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

12 номер Алдарыңызда 6 б сыбының жігіттері ән шашуы

13 номер 7 сынып көрініс қабыл алыңыздар

Жүргізуші 1:Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ.     Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.

14 номер 9  б сыныптан дуэт қошеметпен қарсы алайық

Жүргізуш 2: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

15 номер 9 а сыныбының орныдауында ән  және 10 сыныпттың ролигі

Жүргізуш:

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған мерекелік кешіміз өз                    мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп                       тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

  1.  0  класс би
  2. 1 а сынып ән
  3. 1-2б класс стихи песня
  4. 2 а сынып ән
  5. 3 б класс стихи
  6. 1 а сынып би
  7. 3 а сынып ән
  8. 4 а сынып ән
  9. 4 б класс песня
  10. 5 а сынып ән
  11. 6 а сынып ән
  12. 6 б класс песня
  13. 7 а сынып көрініс
  14. 9 б класс песня

 

 

 

 

Просмотров: 630


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст