«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Конысбай отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық танымдық-әдістемелік сайтының байқауына Абай орта мектебінің 7-9-сынып оқушылары қатысты. Әртүрлі шығармашылық номинациялар жарияланды.

16.01.2020

 

Тәуелсіздік

Республикалық танымдық-әдістемелік сайтының байқауына Абай орта мектебінің 7-9-сынып оқушылары қатысты. Әртүрлі шығармашылық номинациялар жарияланды.

«Тәуелсіздік - қазына» тақырыбына 7-сынып оқушысы Рахметова Аружан эссе жазды.

                     

 

орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек жиырма сегіз жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
         Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.

    Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
         Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

         "Білім-өмір шырағы". Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы.Ақыл мен сананың білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Біз осы заман ұрпағымыз.Ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан, Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматпыз. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымның әл-ауқатын арттыруға, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосуды басты борышым деп санаймын.

Мен қырандай биікте қалықтаған елдің ұланымын.Тәуелсіздік таңы тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Қасиетті Ата заңым қабылданды, аспан түстес байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді.

    Біз қазақпыз-мен бақыттымын, өйткені дербес елім, тәуелсіз жерім, ана уызымен қанға сіңген қасиетті қазынам-ана тілім бар. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамыз «Үш бақытым» өлеңімен халқына,еліне, жеріне, тіліне деген махаббатын білдірген.

   Тәуелсіздік баға жетпес қазынамыз. Сол қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтап, көк туымызды тұғырымыздан құлатпайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

елімде

 

Тәуелсіздік таңы атты елімде,

Қазақ енді ие болды жеріне.

Орталықтан басқарылған жүйеге,

Міндетті емес енді есеп беруге.

Қуанды ел қабылданып Ата Заңы,

Қазағымның орындалды ізгі арманы.

Желтоқсанның құрбандары ақталды,

Тарихта қаһарман боп аты қалды.

Жеріміздің қазынасын игерді,

Аудан, көше атаулары өзгерді.

Ежелден қалыптасқан сан қырлы,

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырды.

Еуразияның жүрегінен орын алды,

Сәулетімен тамсантты бар ғаламды.

Ана тілім - елдігімнің белгісі,

«Мәңгілік Ел» ендігі оның еншісі.

Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст