Текст
Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Мен елімнің ұланымын» атты «Жас Қыран»,«Жас Ұлан» ұйымына 2 және 5 сынып оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты шара өткізілді. Аталған шараның мақсаты: жас жеткіншектердің бойына патриоттық сезімін ұялатып, өз Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге баулу.