«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Конысбай отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты

18.11.2019

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Досыңа достық-қарыз іс.»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелеп, олардың достық қарым-қатынастары нығайып,достық туралы ойлары yортаға салынады. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Сабақтың түрі:  Пікірталас

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлы адамдардың нақыл сөздері, караоке

Сабақ барысы:

  Құрметті  оқушылар!

Бүгінгі «Досыңа достық-қарыз іс» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Абай атамыз айтқандай:

Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос,

Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.

Немесе оны Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады:

Дос табу оңай-сақтауы қиын,

Жау табу оңай-тоқтауы қиын.

Ал, Мұқағалиша айтсақ:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген-ақылдың серігі екен.

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз пікірталас түрінде өтпек. Сондықтан өз ойларыңды ортаға салып отырсаңыздар. Жоғарыда айтылған өлең жолдарынан не ұқтыңыздар?

  1. Топқа бөлу: көк, сары лента арқылы екі топқа бөлу

1 топқа: Дос деген кім? Постерге салып қорғау

2 топқа:  Адал дос Амал дос. Постерге салып қорғау

 

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке әрдайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.

Аңыз. «Екі дос»

Ертеде жаугершілік заманда қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болыпты. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Олардың мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Оны естіген досы күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Келген соң ол: «Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім, менің оған айырбасқа берер малым да мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін, ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар! Ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім»-дейді.

Қолбасы оны сынамақ болып: -Жарайды мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын, маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады-дейді.  –Ол не?-дейді досын құтқаруға келген, асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, -дейді қолбасы.

-Олай болса, көзімді тезірек алда, досымды босат-дейді.

Жігіт бұл сыннан да мүдірмей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.  Мұны көрген қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»-деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген. Бұндай достармен мақтануға болады, солай емеспе?

-Достықтың екі түрі бар, олар: адал достық және амал достық.

Адал достық өмірлік нұсқа болады,

Амал достық өрісі қысқа болады.

Әрбір адамға дос керек, өйткені адамдарға сырласатын, қуаныш пен қайғыны бөлісетін, бір-біріне көмек беретін жақын адам керек.   

2. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)

Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.

2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

3. Күлме досыңа, келер басыңа.

4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.

8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

11. Екі ердің достығы  асулардан асырар.

Екі елдің достығы  ғасырлардан асырар.

Енді барлығымыз қосылып «Дос туралы жыр» әнін орындайық.

V. Жағдаяттан шығу

  Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

VII.Қорытынды

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

 Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

 Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

 

Енді барлығымыз қосылып «Дос туралы жыр» әнін орындайық.

 

Құрметті оқушылар! Осымен «Досыңа достық-қарыз іс» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет!

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жан досым -өлеңі

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңiлi бар қызғалдақтай ашылған ...
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан?

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейiң!
Әрқашан жеңiсiңдi көрейін ...
Сырымыз да бiтпесiн ...
Жырымыз да бiтпесiн ...
Жырымыз да бiтпесiн ...

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық ...
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық ...

Қайырмасы:

Өмір өзі арқамызға жүк салып...
Бәрімізді қиялдарға жұмсады...
Қатар ұшқан құсқа ұқсатып, әлде біз...
Қатар жанған екі шамға ұқсадық...
Қайырмасы:
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАҒДАЯТТАР

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

 

 

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

 

 

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

 

 

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

 

  «Досыңа достық-

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст