Текст
Халықтың табысын ұлғайту бағдарламасы шеңберінде мұнай-газ-химия, газ және энергетика салаларында, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында жобалар іске асырылуда. 2025 жылдың соңына дейін шамамен 34 мың жұмыс орнын құра отырып, 73 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Осы жылы 14 жоба іске асырылып, 9,5 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде І жартыжылдықта 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.