«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Конысбай отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адам. Қоғам. Құқық пен Өзін-өзі тану пәнінің интеграцияланған сабағының жоспары

04.04.2019

Абай орта мектебі

 

 

 

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

 

 

Адам. Қоғам. Құқық пен өзін-өзі тану

пәнінен кіріктірілген ашық сабақ

 

       1ZA235_lJW8

         

                                                             

                                            Өткізген мұғалімдер: Билялова Б.Қ. / Өзін-өзі тану пәні мұғалімі                                  

                                        Кошкинова М.Е. / Адам.Қоғам.Құқық пәні  мұғалімі

                                                                               

 

 

2018 -2019 оқу жылы

 Адам. Қоғам. Құқық пен Өзін-өзі тану  пәнінің

интеграцияланған сабағының жоспары

 

Мектеп: Абай орта мектебі

Мерзімі: 29. 01. 2019 жыл

Мұғалімдер: Билялова Базаргүл Қонысбекқызы, Кошкинова Маххаббат Ерікқызы

Сынып: 11 -10   

Оқушы саны: 10

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

Қасиеттер:Мейірімділік, шыншылдық, әдептілік, кішіпейілділік.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін  мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, батыл,  т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар: Слайд. А3, музыка, оқу-құралдар, постерлер, фломастерлер (материалдар, көздері)

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Адам.Қоғам.Құқық сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Миға шабуыл: адамгершілікке байланысты видеоролик тамашалау.

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Сендердің көңіл-күйілеріннің  жақсы екенін байқап тұрмын.

  1. Сыныпты « Сыйластық» және «Ізеттілік» атты

      2 топқа бөлу. Төменде берілген сөздер арқылы топқа бөлу.

1-топқа:  Жауаптылығы мол,

                Белсенді,

                Қарапайым,

                Өзімшіл,

                Татулық,

                Биязы,

                Үнемшіл.

2 -топқа: Инабатты,

                 Беделді,

                 Мақтаншақ,

                 Тапқыр,

                 Тәрбиелі,

                 Сыпайы,

                 Қатыгез.

  1. тапсырма: Берілген жағдайяттық тапсырмадан әр топ  адамгершілік қасиетті қорғап шығу керек.

1 - топқа:   «       Банк қызметкерлері  бөлмесінде екі жас әріптес сөзге келіп қалды оны үлкендер тоқтатуға да тырыспады, реніштің негізгі себебі берілген тапсырманы уақытылы орындамадыңыз деп тапсырма беруші маман ренішін білдірген еді келесі жас маман оның бұл талапшылдығын түсінгісі келмей сен кімсің маған бұйрық бертін деген сөздер арқылы өз ренішін бастады. Тіпті бір бірлерінің көңілдерін қалдыратын сөздер айтып жандарын жаралап үлгерді. Отырған үлкендерді сыйламай әбден ұрысты. Бұл түсініспестіктің арты немен аяқталады.

 

Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?

(сыпайылықты)

 

2 - топқа: Студенттік өмірдің 2 - ші курсы. Сенің группанда жақсы дос болып араласатын, сыйласатын қыз бар. Бір күні сол Әлияға сенің телефон нөмерінен курстас достарын әзілдеп «Әлия, мен сені қаты жақсы көремін»,-деп хабарлама (смс) жібереді.

Бұл жағдайды біліп қойғандағы сенің іс - әрекетін?

( ержүректікті)

Ескерту

 

 

2  минут

 

 

 

 

 

3  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

2 - тапсырма: Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Өзін - өзі тану пәнімен байланыстырамыз.

Осындай  жағдаят ағайындар арасында болса, не істер едіңіздер? (ауызша)

 

   3 - тапсырма:  Әр топ 3 түрлі конвертке 3 тапқырыпқа байланысты  мақал – мәтелдерді  таңдап салу керек.

1 конверт «Адамгершілік» байланысты.

2 конверт «Сыйластыққа» байланысты.

3 конверт «Ағайын туысқа» байланысты.

 

Берілген мақал – мәтелдер:

1. Ат жақсысын  мақта,

Адам жақсысын жақта.

2. Кісілік  қымбат емес кішілік қымбат.

3. Кішіпейілдіктен – кішіреймейсін.

4. Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығына өкінбе!

5. Аға  әдепті болса, іні әдепті,

Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті.

6. Ақыл тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

7.  Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

8.  Бай болатын жігіт айырбасшыл келеді,

Адам болатын жігіт ағайыншыл келеді.

9.  Ағайынның аразы болса да, азары болмайды.

10.  Сыйласаң ата – анаңды,

Кешірер сенің қатеңді.

11.  Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тотйғыз.

12. Анығын айту адалдық,

Ала сөйлеу арамдық.

13.  «Қарағым» деген жылы сөз,

Тон болып тәнді жылытпаса да, жанды жылытады.

14.  Жалғыздың үні шықпас,

Жаяудың шаңы шықпас.

15. Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

16. Айрылмастай досына қайрылмастай сөз айтпа.

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8  минут

 

17. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

 

4 - тапсырма: «Жаңа ортаға түскенде қандай адамгершілік қасиеттерді ұстанар едің?» деген тақырыпта  постер қорғау. Қолданатын сөздер:

(Батылдық, Қайырымдылық, Сенім , Менмендік,Адалдық, Мейірімділік, Белсенді, Жауапкершілігі төмен, Қатал, Жауаптылығы мол, Мақтаншақ, Қарапайым, Тапқыр, Ізеттілік, Сыйластық, Мейірбандылық)

Қорытынды: (АҚҚ пәні мұғалімі) Бүгінгі біздің сабағымыз «Тұлғаның адамгершілік негіздері»  тақырыбы төңірегінде болды. Адамның асыл қасиеті адамгершілік қасиетімізді ешқашан жоғалтпайық! Тәуелсіз елдің рухы биік азаматы болайық!

Қорытынды: (Өзін - өзі тану пәні мұғалімі)
Бүгінгі біздің пікірталысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7  минут

2  минут

 

 

 

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст