Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын
1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар.
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.
1-жүргізуші: Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер,
Сейтмаганбетова Жупар Баймукашевна мен Кенжалина Рымгуль Сейлбековнаны шәкірттерімен қарсы алыңыздар!
(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
2-жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!
(әнұран ойналады)
1-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді мектеп директорының міндетін атқарушысы Кошкинова Маххаббат Ериковнаға беріледі.
Келесі сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Байдалина Гульнар Бекешовнаға беріледі.
2-жүргізуші:
Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
Ән. «Мектебім» 1-сынып оқушылары
БИ
2015 жылы «Сауат ашу» пәніне өзгерген «Әліппе» 2021 жылы қайта қалпына келді.
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары сыйлықтарын 1-сыныптарға сыйлайды)
1-жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп
келген құрметті ата-аналарымызға береміз.
2-жүргізуші: Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
1-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы ___________ мен 1 сынып оқушысы ____________беріледі.
2-жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне» арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
( Шәкірттерімізді 11 сынып оқушылары қолдарынан ұстап сынып бөлмелері мен мектеппен танысу сәтіне жол береміз.)
(Музыкамен сыныптарға кіреді)